ЖҮЛДЕЛІ ЖЕТІСТІКТЕР! 🎉🎉🎉🎉
06 ақпан күні Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Сапалы сабақ – сапалы білім» ашық сабақтар шеруі байқауының екінші кезеңі қорытындыланды. Аталған байқаудың І кезеңіне мектебімізден 7 мұғалім қатысып, олар басқа мектептерде ашық сабақ берді. Солардың ішінен 6 мұғалім екінші кезеңге өткен болатын. ІІ кезеңде сабақ беру барысында қолданылатын педагогикалық идеялар ұсынылды.
Шараның мақсаты: сабақ сапасын арттыру арқылы мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибесін насихаттау және білім сапасын жетілдіру.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің мұғалімдері жоғары нәтижеге қол жеткізді:
🥇 География пәні мұғалімі – Щапова Марина Анатольевна (I орын)
🥇 Тарих пәні мұғалімі – Әбуова Мейрамкүл Әзбергенқызы (I орын)
🥉 Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Даулетова Әлия Музапаровна (III орын)
🥉 Ағылшын тілі пәні мұғалімі – Бисенгалиева Назымгуль Азимовна (III орын)
📌 Математика пәні мұғалімі – Шаяхметова Гулсим Телжановна (Диплом)
📌 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Габдрахим Айдана Мұрадымқызы (Диплом)
Сапалы сабақ беру сынынан сүрінбей өтіп, тың идеялар тартысында оза шауып, үздік шыққан әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Облыстық кезеңге жолдама алған М.Ә. Әбуова мен М.А. Щаповаға сәттілік тілейміз!

