Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жетістігімді ЕЛІМЕ арнаймын!» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты – спорттың қоғамдағы орны мен жүлделердің артында тұрған еңбек туралы ой бөлісу. Кездесуге каратэ-додан бірнеше мәрте чемпион атанған мектебіміздің жұлдызы Бердигалиева Амилла Ерлановна, жаттықтырушысы Каратэ-додан спорт шебері, Қазақстанның және халықаралық жарыстардың чемпионы және жүлдегері Утегалиев Рафаэль Равильевич және мектебіміздің спорт саласында жетістікке жеткен оқушыларымыз қатысты.
Шара кішкентай спортшымыздың жетістіктері туралы бейнефильмен басталып, Амиллаға қойылған сұрақтармен жалғасын тапты. Сонымен қатар, оқушылар жаттықтырушы Рафаэль Равильевичкеде сұрақтар қойды:
1. Сіздің ойыңызша, спортшының жеңіске жетуі үшін ең басты фактор қандай? Мотивация ма, әлде жан-жақты дайындық па?
2. Сіздің ойыңызша, спортқа жаңа келген жастар қандай қиындықтармен кездеседі? Оларға қандай кеңестер берер едіңіз?
3. Спорттық жарыстарда алған жүлделердің қоғамға әсері қандай? Сіздің жетістіктеріңіз жастарға қандай үлгі болады деп ойлайсыз?
Дөңгелек үстел барысында Амилланың сынып жетекшісі Д.Сарамбетова, анасы мен әжесі Амилланың осындай үлкен дәрежелі жетістікке жеткеніне, осы спорт түрін қалай таңдағаны туралы қызықты оқиғаларына тоқталып өтті.
Шара соңында мектеп парламентінің президенті Е.Батыргерей, спорт министрі М.Наурызгалиева келген қонақтарға ризашылығын білдірді.
Ұйымдастырған: А.Пусурманова, ДТІЖО
Мектеп парламенті.
Қатысқандар: 7-11 сынып оқушылары, 42 оқушы.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жетістігімді ЕЛІМЕ арнаймын!» атты дөңгелек үстел өтті.
12/12/2024