11 - қыркүйек, 2024 ж мектептің педагог-психологтары М.Усербаева мен Б.Кенжиева 1, 5, 10 сынып оқушыларының бастауыш, орта және жоғары буынға бейімделу кезеңінде ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету бағытында аталған сыныптардағы ата-аналар жиналысына қатысқан болатын. М.Усербаева 5 «А сыныбына осы оқу жылы жаңадан тағайындалған, алғаш рет сынып жетекшілік алып отырған А.Сәдуақасты ата-аналарға таныстыра келе, бастауыштан орта буынға өткен оқушыға ата-ана қолдауы ас қажеттігін атап айтты. «Сағат тілі» амандасу тренингінен соң, «Нысан» жаттығуын қызықты ұйымдастырды. 10 «А» сынып ата-аналарымен (сынып жетекшісі А.Габдрахим) «3 кейпкер», «2 өтірік, 1 шындық» тренингтерін ұтымды ұйымдастыра келе, жоғары буынға бел буған оқушыларға білім мен тәрбие беруде бірлесе жұмыстануға шақырды.
Педагог-психолог Б.Кенжиева 1 «б» сынып (сынып жетекшісі Ш.Орынгалиева) ата-аналарымен «Бинго» тренингін ұйымдастырып, «Баланы мектепке қалай дайындау керек?» жадынамасын таратты. 5 «Б» сынып (сынып жетекшісі А.Елюбай) ата-аналарымен «Мен және менің балам» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. 10 «Б» сыныбы (сынып жетекшісі В.Житкова ) ата-аналарымен «Менің баламның таңдауы» тренингін қызықты өткізді.
Қамтылды: 32 ата-ана.
1, 5, 10 сынып оқушыларының бастауыш, орта және жоғары буынға бейімделу кезеңінде ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету бағытында аталған сыныптардағы ата-аналар жиналысына қатысқан болатын.
9/11/2024