Ағымдағы жылдың 03-14 маусым аралығында мектебімізде «Ақбілек» қыздар клубы профлагері жұмыс жасауда.
Мақсаты: жасөспірім қыздарды салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Адамгершілік, ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, жеке шекарасын қорғай білетін, мейірімді, өз өміріне жауапкершілікпен қарай алатын қыз бала қалыптастыру. Жасөспірім қыз балалардың жыныстық сауатын арттыра түсу. Профлагер жоспарына сай 1-4 сынып қыздарына «Кемпірқосақ» мультфильмі көрсетіліп, «Қыздар гигиенасы» туралы ақпарат берілді. Бастауыш сынып оқушылары «Жеке гигиена» тақырыбында сурет салып, сұрақ-жауап алмасты.
Шара соңында караоке мен «Бала арманы» әнін орындады. Орта буын қыздары арасында «Бала құқығы» тақырыбында сауалнама ұйымдастырылды. Сауалнама мақсаты оқушыларды өз құқықтарын білуге тәрбиелеу. «Ал, қане қыздар» спартакиадасына 5-7 сынып қыздары қамтылды. Көңілді эстафета қыздарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. «Қыздар гигиенасы туралы 10 ереже» жадынамасы таратылып, қыздар арасындағы достықты дәріптейтін «Братц» 2007ж фильміне талдау жасалды. «Қыз бала әлемі"»тақырыбында КВИЗ ұйымдастырылып, қыз, әйелдер туралы білімдерін толықтырды.
Ұйымдастырған: педагог-психолог Усербаева Марал Тилегеновна және мектеп парламенті 11 «А» сынып оқушылары А.Келмагамбетова, Ж.Жәнібек, 10 «А» сынып оқушысы М.Муканова.
Камтылды: 1-7 сыныптан 27 қыз бала.