bkogov.kz Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің білім беру мекемесіміздің маңызды оқиғалары туралы ақпарат таба аласыз.
«Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімі
bkogov.kz
Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің білім беру мекемесіміздің маңызды оқиғалары туралы ақпарат таба аласыз.
AA+
«Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

Ағымдағы жылдың 3 - шілде мен 14- шілде аралығында мектеп жанындағы “Жұлдыз” лагерінің "Болашақ" ІІІ ауысымы өз жұмысын бастады. Лагерь меңгерушісі: А. Есетова, тәрбиешілері: Ж.Кенжеалиева, А.Асылбекоева, педагог- психолог Б.Кенжиева, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Р. Бапахова.  бүгін жоспарға сай оқушылармен ашылу салтанаты және шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтетін Ұлттық домбыра күніне орай "Домбыра-бабалар аманаты" тақырыбында іс- шара аталып өтті. Алдымен,тәрбие бөлімінің орынбасары А.Г.Пусурманова сөз сөйлеп, балаларға мерекелік көңіл- күй сыйлады.
Лагерь мақсаты:
Оқушылардың жазғы демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету.
    Дене шынықтыру мұғалімі Р.Т.Бапахова «Шынықсаң- шымыр боларсың » атты ертеңгілік жаттығуды бастады. Сондай-ақ, «Кел танысайық! Өзім туралы» тренингті мектеп психологы Б.Г.Кенжиева ұйымдастырды. «Күн сөнбесін» әні шырқалып,балалардың алдына Күн шуақтарымен,гүлдерімен шығып көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. Балаларға күн шуағы бойынша тәртіп ережелері таныстырылды. Әдептілікті ұмытпай, үлкендермен амандасып жүрейік деген сияқты тәртіп ережелерімен таныстырылды.Сондай-ақ, ұран таныстырылды «Достық,өзара көмек,тәртіп,спорт,қуаныш»сендерді осы сөздерді естеріне сақтап алып,лагерде дәл осыларды ұстанып жүрулері сұралды. 
    Елімізде шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтетін Ұлттық домбыра күніне орай  балалар ХІІІ ғ. «Ақсақ құлан» аңыз күйін тыңдап, домбыраның мүсінін бояп, безендірді. 
     Домбыра - аспабы арқылы ата - бабаларымыз ән шырқап, күй орындаған, оны өзінің өмірлік серігі еткен. Халықтың бірде бір мейрамы домбырасыз өтпегендігі туралы балаларға жетекшілері айтып өтті.
   Мақсаты: Балалардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Домбырадан - таралған тәрбие - білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазынаға үлесін қосып келе жатқан үрдіске бағыттау.
Тәрбиешілердің педагогикалық шеберлікпен ұштастырылған шығармашылық, қиял мен тапқырлық балалар лагерінде жаздың ұмытылмас күндерін ұйымдастыруға көмектеседі. Сол себепті де, оқушылармен ауысымның ержесі құрылып, таныстырылды! Табиғат аясында серуендеу, түрлі шаралар өткізу секілді күн тәртібінен өзге, қаланың тарихи орындарымен де танысу жоспарланды.Топтың ұраны жатталды, балалар өте жақсы көңіл күйде үйлеріне оралды!

Атауы Жүктеу
1
2/5