Жетістікке толы жаңалық!
2025 жылдың 8 сәуірінде Ақсай қаласындағы №6 мектеп-лицейінде мектеп кітапханаларының оқырмандары арасында аудандық “Кітапханалық квиз” байқауы өтті.
Әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мен оқу сауаттылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауда Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі жүлделі II орынға ие болды!
Жеңімпаз оқушыларымыз:
• Сәрсенбаева Ақбота
• Қайырғалиева Аружан
• Бекмұхамбетова Аружан (8-сынып)
Жетекшілері:
• Елеу А.М.
• Гильманова Э.Д.
Жас әдебиетсүйер оқырмандарымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз көп болсын!